CentralAsia-ның хабарлауынша, бұл – Моңғолия аумағынан табылған Сяньбэй дәуіріндегі алғашқы ірі, тоналмаған әрі тарихи тұрғыдан аса маңызды мазар.
Қазіргі уақытта зерттеушілер негізгі жерлеу орнын қазу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл олжа Орхон–Сэлэнгэ алабында сяньбэйліктердің мемлекеттік құрылымы болған деген тұжырымды растайды.
Аталған жер телімі алғаш рет 2019 жылдың күзіне қарай Моңғолия мемлекеттік университетінің Көшпелі археология институтының археологтары тарапынан анықталған. 2022–2024 жылдар аралығында мұнда мұқият өлшеулер мен 3D құжаттандыру жүргізілді. Қазіргі таңда археологтар үш ақсүйек пен екі қарапайым адамның Сяньбэй дәуіріне жататын қабірлерін зерттеуді қамтитын құтқару жұмыстарын атқаруда.