Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Берденовке шабуыл ісі сотқа жетті: алғашқы тыңдау 28 шілде

Шымкентте сәуір айында шенеунікке жасалған қастандық ісі бойынша сот процесі басталмақ.

Берденовке шабуыл ісі сотқа жетті: алғашқы тыңдау 28 шілде

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және оқталу") және 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша күдікті Ж.-ға қатысты істі қабылдағанын растады. Алдын ала тыңдау 2025 жылдың 28 шілдесінде, сағат 10:00-де өтеді.

Еске салсақ, 21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында Берденовке оқ атылған.Шенеунік ауыр жараланып, бірнеше апта ауруханада жатты. Мамыр айының ортасында ғана емханадан шығарылған. Ал күдікті сол күні оқиға орнында ұсталған болатын.

Қазірге дейін қастандықтың нақты себебі жарияланған жоқ. Әлеуметтік желіде бұл іске қатысты түрлі жорамал айтылды: қызметіне байланысты қудалау, бизнес мүдделеріндегі жанжал немесе тұрмыстық сипаттағы кикілжің болуы мүмкін деген болжамдар бар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату