Бапкердің айтуынша, Олимпиадалық даярлау орталығы сапарды толық қаржыландыра алмаған. Ұйым бір балуанды тізімнен алып тастап, құрамды қысқартуды ұсынған. Алайда Сарсекеев шәкіртін жарысқа апарудан бас тартпай, оған өз квотасын берген. Сөйтіп, спортшының жол, тұру және тамақ шығындарын жаттықтырушы өз қалтасынан, қарызға ақша алып өтеген.
Команда жарысқа біркелкі форма киіп шықпаған. Балуандар марапаттау кезінде форма ауыстырып киюге мәжбүр болған. Жаңа спорттық киім тек тамызда өтетін әлем чемпионатына дейін беріледі деп уәде етілген.
Қиындықтарға қарамастан, Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетті — спортшылар 13 медаль жеңіп алды, оның 6-уы грек-рим күресінен.