Адвокаттың айтуынша, оқиға 2022 жылдың наурыз айында болған.
«Сол қанды түнде небәрі бірнеше минут ішінде ол Алтынайды мүгедекке айналдырып, оның бет әлпетін мәңгілікке бұзды. Алтынай еңбекке жарамсыз болып қалды, мүгедектікке ұшырады және көру қабілетін жоғалтты. Бет сүйектері, мұрын және көз сүйектері сынған», — деп жазды Жанна Мухамади.
Шабуыл салдарынан әйел бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Сараптама алынған жарақаттарды денсаулыққа ауыр зиян келтіру деп бағалады.
2024 жылдың қазан айында жәбірленуші Оңтүстік Кореяда сегіз сағатқа созылған төртінші қалпына келтіру операциясынан өтті. Алда оны көру қабілетін қалпына келтіруді қоса алғанда, бірнеше хирургиялық операция күтіп тұр. Әйел бұрынғы күйеуінен медициналық шығындарды өтеуді талап етіп, сотқа жүгінген, және сот оның талабын ішінара қанағаттандырған.
Алайда, Мухамадидің айтуынша, жауапкер сот шешімімен келіспей, Астана қалалық сотына апелляциялық шағым түсірген. Ол өз уәждерінің ішінде бұрынғы әйелі «пластикалық операция үшін» ақша өндіріп алуға тырысып жатыр деп көрсеткен.
«Бұл қандай цинизм? Алтынай енді ғана 30-ға толды, егер күйеуі оны ұруға құқым бар деп ойламағанда, ол ешқашан мұндай операцияларға мұқтаж болмас еді», — деп пікір білдірді адвокат.