weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда 15 жастағы жасөспірімді пойыздың үстінде тоқ соқты

19 шілде күні кешкі сағат 18:55 шамасында Алматы-2 теміржол бекетінде 15 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алды. Ол пойыз вагонының төбесіне шығып, жоғары кернеулі тоқ соғып, денесінің бірнеше жерінен күйік шалды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда 15 жастағы жасөспірімді пойыздың үстінде тоқ соқты
Фото: art.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім вагон төбесіне рұқсатсыз шыққан, сол жерде электр желісінен тоқ соғып, бірден есінен танып құлаған. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылып, ол ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда, тірі.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы теміржол маңындағы аумақтың жоғары қауіпті аймақ екенін ескертеді.

«Пойыз жолына кіру, вагондарға рұқсатсыз шығу — адам өмірі мен денсаулығына ауыр қауіп төндіреді», — делінген ресми мәлімдемеде.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→