Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматыда газ құбыры жарылды

Алматыда газ құбыры жарылысы салдарынан келген залалды мердігер компания өз есебінен өтейді. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда газ құбыры жарылды

Оқиға 2025 жылдың 16 шілдесінде Бұқар жырау бульвары мен Байзақов көшесінің қиылысында болған.

– Жарылыс болған аумақ бірден қоршалып, бастапқы тексеру жүргізілді. Газ беру тоқтаған жоқ, қауіп жоқ. Шығынды мердігер ұйым өтейді. Әлеуметтік жауапкершілікті ұстанатын компания ретінде жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Халықпен біргеміз, – деді компанияның Алматы қаласындағы филиал директоры Ақылбай Сапаров.

Апат жаңа жерасты газ құбырына сынақ жүргізу кезінде орын алған. Жұмысты «СантехКомплектГрупп» ЖШС атқарған.

Технологиялық тығынды кесу барысында диаметрі 426 мм құбыр жарылып, ауа мен газ қоспасы сыртқа шыққан. Салдарынан жол жабыны бүлініп, ағаш зақымданған. Toyota көлігі аударылып, жүргізуші мен жолаушысы жарақат алды. Екеуіне де медициналық көмек көрсетілді.

Компанияның мәліметінше, қалпына келтіру жұмыстары басталып кеткен, барлық зардаптар қысқа мерзімде жойылады.

«QazaqGaz Aimaq» өкілдері Алматыда 28 шақырымнан астам орта және төмен қысымды газ желілері жаңартылғанын атап өтті. 2026 жылға дейін тағы 90 шақырым құбыр жаңартылмақ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату