Полиция мәліметінше, 45 жастағы ер адам әйелі мен енесін өлтіріп, кейін балаларын да жараламақ болғаны күдікке ілінді.
Алдын ала мәліметке қарағанда, 10 жастағы ұлы жарақат алған, ал жасөспірім қызы дін аман, ол бауырын алып, оқиға орнынан қашып шыққан. Балалар дер кезінде көмек шақырып үлгерген.
Күдікті іздестіріліп, бірнеше сағаттан кейін қылмыс орнына жақын сарайдан табылды. Оның денесінде пышақ жарақаттары болған — алдын ала болжам бойынша, өз-өзіне қол салуға әрекеттенген.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам отбасынан бөлек тұрған. Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, ресми органдар оқиғаның мән-жайын ашық айтқан жоқ.