Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бектенов: «Өмірде тек екі нәрсе анық — салық пен өлім»

Премьер-министр Олжас Бектенов қосымша құн салығын 16%-ке дейін көтеру мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Бектенов: «Өмірде тек екі нәрсе анық — салық пен өлім»
Фото: енванто

– Өмірде тек екі нәрсе – өлім мен салық қашып құтылмайтын шындық деп Бенджамин Франклин айтқан екен. Өкінішке қарай, бұл сөздің жаны бар, – деді ол баспасөз мәслихатында.

– Кез келген салықтың өсуі халық арасында оң қабылданбайтыны белгілі. Бірақ бұл – мәжбүрлі әрі қажетті қадам. Бұл салық реформасы арқылы біз даму бюджетінің көлемін едәуір арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді премьер.

Бектеновтің айтуынша, экономикалық өсім тек мемлекет инфрақұрылымды жедел және алға озатын қарқынмен дамытқан жағдайда ғана мүмкін болады.

Жаңа Салық кодексі қабылданған соң даму бюджеті 8–18% аралығында өседі деп күтіліп отыр. Премьердің сөзінше, бұл тұрақты экономикалық дамуға жол ашады.

Қазіргі таңда Үкімет қаржы заңнамасына бірқатар реформа жүргізуге шешім қабылдаған.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, реформа топтамасына банк секторы, төлем жүйелері, бағалы қағаздар нарығы сынды бағыттар кірген.

– Бұдан бөлек, цифрлық қаржы активтерін реттеу жүйесін енгізіп, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын қалыптастыруды, төлем нарығын дамытуды жалғастыруды жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Сүлейменовтің айтуынша, бұл реформалар қаржы секторының экономика мен халықтың әл-ауқатына қосар үлесін арттырады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату