weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан уранын тағы бір Еуропа еліне экспорттамақ

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы Словакияның Slovenské elektrárne a.s. (SEAS) компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында Қазақстан уранын Словакиядағы екі атом электр станциясына жеткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан уранын тағы бір Еуропа еліне экспорттамақ
Фото: spot.uz

«Қазатомөнеркәсіп» таратқан мәліметке сәйкес, SEAS басқаруындағы нысандар Словакиядағы электр энергиясының 70 пайызын өндіреді. Мемлекет үлесі бар бұл компания елдегі екі АЭС – "Богунице" мен "Моховце" станцияларына жауапты.

Жаңа келісім уран концентратын, болашақта уран диоксидін де Словакияға жеткізуге мүмкіндік береді.

Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов бұл келісімді Еуропа елдерімен ұзақ мерзімді әріптестік орнатудағы маңызды қадам деп атады.

Айта кетейік, маусым айында Қазақстан ураны Чехия мен Болгариядағы АЭС-терге де жеткізілетіні белгілі болды.

Ал шілде басында Түркістан облысында уран өңдейтін зауыт іске қосылғаны хабарланған. Бұл жобаға Франция компаниясы да қатысқан.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→