Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

14 шілдеге арналған ауа райы болжамы: еліміздің оңтүстігі мен батысында күн қатты ысиды

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 14 шілде, дүйсенбі күні Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Алайда оңтүстік пен батыс өңірлерде жауын-шашынсыз, күн ашық. Кей аймақтарда аптап ыстық күтіледі — термометр бағаны +37…+39°C-қа дейін көтерілуі мүмкін.

14 шілдеге арналған ауа райы болжамы: еліміздің оңтүстігі мен батысында күн қатты ысиды

Астана — Ауа райы құбылмалы, кей кездері жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде +10...+12°C, күндіз +21...+23°C.
Алматы — Бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.
Шымкент — Бұлт аралас, жауын-шашын жоқ. Жел 8-13 м/с. Түнде +22...+24°C, күндіз +37…+39°C.
Ақтау — Аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +24...+26°C, күндіз +36...+38°C.
Ақтөбе — Аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +14...+16°C, күндіз +29…+31°C.
Атырау — Бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Түнде желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +24…+26°C, күндіз +37…+39°C.
Жезқазған — Бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +17...+19°C, күндіз +28...+30°C.
Қарағанды — Бұлт аралас, жауын-шашын жоқ. Жел 2-7 м/с. Түнде +11...+13°C, күндіз +24...+26°C.
Көкшетау — Бұлт аралас, өткінші жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Жел 5-10 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +18…+20°C.
Қонаев — Бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +33…+34°C.
Қостанай — Бұлт аралас, аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 7-12 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +22…+24°C.
Қызылорда — Аспан ашық, жел 6-11 м/с. Түнде +21...+23°C, күндіз +36…+38°C.
Павлодар — Бұлт аралас, жаңбыр жауады, найзағай болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +13...+15°C, күндіз +23…+25°C.
Петропавл — Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +12...+14°C, күндіз +20…+22°C.
Семей — Бұлт аралас, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C.
Талдықорған — Бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +34…+36°C.
Тараз — Бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +19...+21°C, күндіз +35…+37°C.
Түркістан — Бұлт аралас, жауын-шашын жоқ. Жел 8-13 м/с. Түнде +23...+25°C, күндіз +37...+39°C.
Орал — Бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +30…+32°C.
Өскемен — Бұлт аралас, жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде +15...+17°C, күндіз +23…+25°C.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату