Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 шілде, 2025 / Перизат Ілес / Әлем

Биыл Ауғанстанға 3 миллионға жуық мигрант оралуы мүмкін

Биыл Ауғанстанға 3 миллионға жуық мигрант оралуы мүмкін. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының (БҰҰ БЖКБ) Ауғанстандағы кеңсесінің басшысы Арафат Джамал айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Биыл Ауғанстанға 3 миллионға жуық мигрант оралуы мүмкін

Ол оралмандар легі елдегі онсыз да ауыр гуманитарлық дағдарысты ушықтыра түскенін ескертті.

Агенттік Ariana News ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлағандай, Иран мен Пәкістан босқын ауғандықтарға қатысты жаңа ережелер енгізді. Осылайша, Тегеран Иранда заңсыз жүрген 4 миллион ауғанға 6 шілдеге дейін елден кетуге уақыт берді. БҰҰ БЖКБ кеңсесі Ауғанстан-Иран шекарасындағы Ислам-Кала бақылау бекетінен Ауғанстанға қарай күніне 30 мыңнан астам адам өтіп жатқанын хабарлады.

БҰҰ жаңалықтар орталығының веб-сайтында атап өтілгендей, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен гуманитарлық серіктестер мигранттарды азық-түлікпен, сумен, денсаулық сақтаумен, қорғаумен және әрі қарай тасымалдаумен қамтамасыз етіп, шекара бойында жаппай әрекетті бастады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату