Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Неге LRT рельстерін тат басып жатыр

10 шілдедегі жағдай бойынша, Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің 22,4 шақырымының 18 шақырымына жол үсті құрылысы толықтай аяқталған. Бұл – жалпы желінің шамамен 80 пайызын құрайды. Ақпаратты City Transportation Systems (CTS) компаниясы таратты.

Неге LRT рельстерін тат басып жатыр

Компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс барысында темір үлесі жоғары көміртекті немесе төмен легирленген болаттан жасалған рельстер пайдаланылуда.

«Ауа мен ылғалмен жанасқанда темір табиғи түрде тотығып, сыртқы қабатында тат пайда болады. Бұл – қалыпты химиялық реакция. Тұрмыстық немесе көлік металлдары секілді рельстерге бояу немесе лак жағылмайды, өйткені бояу жүктеме салдарынан тез өшіп, дөңгелек пен рельс арасындағы ілінісуге кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, бояу дәнекерлеу жұмыстарына кері әсер етеді», – деді CTS мамандары.

Компания бұл тат басу құбылысы рельстердің беріктігіне де, жұмыс істеу қауіпсіздігіне де әсер етпейтінінайрықша атап өтті. Поездар қозғала бастаған кезде, рельстегі тат табиғи түрде өшеді.

Қазіргі таңда рельс төсеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Жолдың үстіңгі құрылысын 2025 жылғы тамыздың соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату