weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Sadraddin мен Рухия Байдукенова халықаралық фестивальде Қазақстан атынан өнер көрсетті

Қытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 22-отырысы аясында өнер мен жастар әніне арналған фестивальдің ашылу рәсімі өтті.

Sadraddin мен Рухия Байдукенова халықаралық фестивальде Қазақстан атынан өнер көрсетті

Фестивальдің мақсаты — ШЫҰ елдері арасындағы достықты нығайту, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу және Шығыс пен Батыстың мәдени байланысын күшейту.

Қазақстанның атынан халықаралық сахнада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері — Садраддин Болат (SADRADDIN) пен Рухия Байдукенова өнер көрсетті.

Фестиваль жастардың ән кеші форматында өтіп, қатысушы елдердің мәдени әртүрлілігін жарқын түрде көрсетті. Әншілер эстрададан бастап джаз, опера және аспаптық музыкаға дейін түрлі жанрда өнер көрсетті.