Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

ШЫҰ рөлі күн санап артып келеді

Бүгінгі өтіп жатқан іс-шараның маңызы зор

ШЫҰ рөлі күн санап артып келеді
Фото: Facebook Maigeldinov Kazbek

Қанша уақыт бойы күтіп жүрген ШЫҰ саммиті өтті. Қазақстан ұйымға бір жыл төрағалық етіп, енді міне бүгін соның қорытындысын шығарды,-деп хабарлайды newsroom.kz

 Саммитке әлемнің жер-жерінен мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым өкілдері келген екен. Оның үстіне бүгін Беларусь ұйымға мүше атанды. Бастапқыда Шанхай бестігі ретінде құрылған ұйымға Беларусь қосылып, ондыққа айналды.Бұл туралы Қазыбек Майгельдинов өз Facebook парақшасында жазды.

"Жалпы, бүгінгі өтіп жатқан іс-шараның маңызы зор. Аталмыш ұйым бір кездері Еуразия аймағындағы ынтымақтастықты нығайту үшін құрылған болатын. Ал қазір әлем терроризм, экстремизм, киберқауіптер пен климаттың өзгеруі сияқты түрлі қауіптердің алдында тұрған кезде, ШЫҰ рөлі күн санап артып келеді.

Сонымен бүгінгі күн Қ. Тоқаевтың қатысумен өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысынан басталды. Отырыста сөз сөйлеген басшымыз бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы достық, тату көршілік, теңқұқықтық пен өзара қолдаудың, яғни «шанхай рухы» негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті.

Былтырдан бастап ұйымға төрағалық еткен уақыт аралығында түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар мен ШЫҰ жастар кеңесі өткізілді. Бұл жайлы да Қ. Тоқаев мәлімдеді. Ары қарай өз сөзінде түрлі іс- шаралардың нәтижесінде ШЫҰ кеңістігіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Жалпы, Тоқаев Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде алдыңғы саммитте айтылған барлық мақсат-міндетті толығымен орындағанын айтты. Сондай-ақ Президент еліміздің бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқаны үшін барлық мемлекетке шынайы ризашылығын білдірді.

Әрине, Президент қауіпсіздік саласындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуды бірінші маңызды бағыт екенін де назардан тыс қалдырған жоқ.

«Қазіргі күрделі ахуал – негізінен халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыс салдары. Осы ретте халықаралық құқықтың кемшін тұстарын түзеп, геосаяси тұрғыдан жікке бөлінуге жол бермеу мақсатымен, түптеп келгенде, жаһандық ауқымдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін ШЫҰ өзінің тұрақтандырушы және жасампаздық рөлін күшейтуге тиіс» деп ШЫҰ- ның әлем елдеріндегі тұрақтылыққа ықпал ете алатынына басымдық берген екен.

Отырыста қатысушы елдер үшін ғана емес, жалпы, әлем елдері үшін маңызды тақырыптар қозғалған екен. Осындай аймақтық іс- шаралардың өтуі маңызды, себебі бұл тек басшылардың кездесуі ғана емес, пікір алмасып, маңызды шешімдер қабылданатын алаң".