Truth Social желісінде ол миллиардердің бастамасын келемеждеп:
«Үшінші партия ешқашан пайда әкелмеген. Бұл – тек алауыздық пен күйреуге апарар жол. Онсыз да радикалды солшыл демократтар елді астаң-кестең етті – енді одан көп хаос керек емес!» – деп жазды.
Сондай-ақ Трамп Масктың саясатқа араласуын «күлкілі ойын» деп бағалады:
«Қалағанынша ойнасын. Маған бұл жай ғана қызық көрінеді», – деді ол.
Илон Маск әзірге жаңа партия құратынын ресми түрде растаған жоқ. Бірақ бұл мәселенің өзі-ақ АҚШ-тағы алдағы сайлаулар қарсаңында үлкен саяси талқыға себеп болып отыр.