Ең көп шығын Mystic лагерьінде тіркелді — бұл жерде кемінде 27 адамның, оның ішінде лагерь директоры Дик Истлендтің қаза тапқаны расталды.
Тасқын 4 шілде күні таңертең басталған. Гуадалупе өзені арнасынан кенеттен асып, Керр округі мен оған жақын аудандарды су басқан. 45 минуттың ішінде су деңгейі 8 метрге көтерілген. Тек Керр округінің өзінде 68 адам көз жұмған, олардың 28-і – бала. Сонымен қатар, Кендалл (2 адам), Трэвис (6), Бернет (4), Уильямсонжәне Том Грин (әрқайсысында 1 адам) округтерінде де құрбандар бар.
Қайтыс болғандарды анықтау үшін полиция туыстарынан ДНҚ үлгілерін жинап жатыр. Билік қаза тапқандар саны алдағы күндері артуы мүмкін екенін айтады.
Техас губернаторы Грег Эбботт алдағы 48 сағатта тағы да су басу қаупі бар екенін ескертіп, халықты барынша сақ болуға шақырды. АҚШ президенті Дональд Трамп Керр округіне төтенше жағдай жариялап, зардапты жоюға қосымша ресурстар бөлуді тапсырды.
Ал осы уақытта сарапшылар президент әкімшілігін АҚШ-тағы ауа райы апаттарын болжауға жауапты Ұлттық мұхиттық және атмосфералық басқарманың (NOAA) қаржысын қысқартқаны үшін сынап жатыр.