weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қытай мен Непалдағы алапат су тасқыны

26 тамызда Қытай мен Непал шекарасында алапат су тасқыны мен лай көшкіні болды. Табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 160-тан асты, ал мыңнан астам адамның тағдыры әлі белгісіз. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Қытай мен Непалдағы алапат су тасқыны
Фото: Әлеуметтік желіден

Непал билігінің мәліметінше, елде кемінде 157 адам қаза тапқан. Қытай тарапы Тибет автономиялық ауданында тағы үш адамның көз жұмғанын хабарлады.

Сондай-ақ екі елде де жүздеген адам хабар-ошарсыз кеткен. Қытай жағында 558 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, олардың 260-ы — шетел азаматтары.

Непалда да жүздеген адамның тағдыры белгісіз. Олардың арасында жергілікті тұрғындармен қатар туристер мен қажылар бар.

Табиғи апат салдарынан үйлер, жолдар мен көпірлер қирап, инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келген. Құтқару қызметтері жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Мамандар құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін ескертеді. Себебі кейбір зардап шеккен аудандарға жету қиын, ал іздеу-құтқару жұмыстары толық аяқталған жоқ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→