weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тренд қуамын деп... 11 жасар бала жарылғыш зат жұтып қойды

Польшадағы Гожув-Велькопольски қаласында 11 жастағы оқушы TikTok-тағы қауіпті челлендж үшін петарданы әдейі жұтып, ауруханаға түсті.

Тренд қуамын деп... 11 жасар бала жарылғыш зат жұтып қойды

Желіде танымал болғысы келген бала тіпті шектен шығып, жарылғышты аузына салып қана қоймай, түгел жұтқан. Абырой болғанда, петарда жарылмаған.

Дәрігерлер шұғыл ота жасаудан бас тартып, табиғи жолмен шығуын күтуге шешім қабылдады. Қазір бала дәрігерлердің жіті бақылауында.