Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Йемен Израильге шабуыл жасады

Йемендегі хуситтер Израильдің Бен-Гурион әуежайын «Палестина-2» гипердыбысты баллистикалық зымыранымен атқылағанын мәлімдеді.

Йемен Израильге шабуыл жасады

«Зымыран күштері Лод әуежайын (Бен-Гурион – ред.) "Палестина-2" үлгісіндегі гипердыбысты баллистикалық зымыранмен атқылаған әскери операция жүргізді», – деді хуситтердің «Ансар Аллах» қозғалысына қарасты Al Masirah телеарнасы арқылы сөз сөйлеген олардың әскери өкілі Яхья Сариа.

Сариа бұл операцияның «мақсатына толық жеткенін» атап өтті. Оның айтуынша, шабуылдан кейін әуежай жұмысы уақытша тоқтатылған. Бұл туралы ТАСС агенттігі мәлім етті.

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 6 шілде түнінде Йемен аумағынан Израильге қарай зымыран ұшырылғанын хабарлады. Шабуыл кезінде елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылып, зымыранның жойылғаны айтылды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату