О'Рурк TikTok-та кең тарап жатқан «дастинг» атты челленджге қатыспақ болған. Бұл – бұрынғы chroming немесе huffing деп аталатын қауіпті трендтің жаңа түрі. Оның мәні — тұрмыстық химия, дезодорант немесе крем баллондарындағы уытты заттарды естен тану үшін иіскеу. Мұндай әрекет миды оттегімен қамтамасыз етудің бұзылуына, жүрек ырғағының бұзылуына, ішкі ағзалардың зақымдануына әкеліп, кенеттен өлімгесоқтыруы мүмкін.
Ланкастер университетінің профессоры Адам Тейлордың айтуынша, бұл заттар жүректі адреналинге аса сезімтал етеді, ал ол — жүректің өлімге әкелетін ырғақтан шығуына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, уытты заттар мида жинақталып, оның қызметін қайтымсыз бұзады.
Дәрігерлер мен сарапшылар мұндай трендтерге қатысты ата-аналар мен жастарды сақ болуға шақырып отыр.