Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Құтқарушылар зейнет жасын 55-ке түсіруді сұрайды

Павлодар облысының құтқарушылары зейнет жасын төмендетуді талап етіп, билікке үндеу жолдады. Олар 63 жасқа дейін жұмыс істеу — құтқару қызметінің табиғатына сәйкес келмейтінін айтады. Қызметкерлердің айтуынша, зейнетке шығу жасы 55-ке дейін қысқаруы керек.

Құтқарушылар зейнет жасын 55-ке түсіруді сұрайды
Фото: orda

Бүгінде көптеген құтқарушы қызметін 2000 жылдардың басында бастаған. Қазір олардың жасы 50–57 аралығында. Павлодардағы жедел-құтқару жасағының орташа жасы — 47, ал ең егде қызметкерге 61 жас.

– Мұндай жаста альпинизммен айналысып, суға сүңгіп, төтенше жағдайлар орын алған өңірлерге іссапарға барып, адам құтқару оңай емес. Физиологияға қарсы келе алмайсың. Біз дене дайындығын сақтауға тырысамыз, бірақ мұндай ауыр жұмыста 55 жаста-ақ зейнетке шығу керек, – дейді облыстық ТЖД құтқару бөлімшесінің басшысы Валерий Архипов.

Құтқарушылар атап өткендей, ТЖМ-нің басқа құрылымдарынан айырмашылығы — жедел-құтқару қызметі аттестатталған органға жатпайды, сондықтан еңбек сіңірген жылдарына қарай зейнетке шығу құқығы жоқ.

– Қазір техникалар, құрал-жабдықтар, киім-кешек жаңартылып жатыр – бұл қуантады. Бірақ зейнетке шығу мәселесі жылдар бойы шешілмей келе жатыр, – дейді қызметкерлер.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату