Аспан асты елінде ерлер үшін зейнет жасы 60 жастан 63 жасқа дейін ұлғаяды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Кеңседе жұмыс істейтін әйелдер үшін – 55 жастан 58 жасқа дейін. Ал жұмысшы мамандықтағы әйелдер үшін – 50 жастан 55 жасқа дейін өсті.
Айта кетелік, Қытайда зейнеткерлік жас 1978 жылдан бері алғаш рет көтерілді. Жаңа жүйенің қабылдануына халық санының азаюы және жұмыс істейтін халыққа қатысты зейнеткерлер үлесінің артуы себеп болды.