weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Түтіннен байқамай қалған»: БҚО-да құтқарушы қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндіру кезінде құтқарушы Миршат Халиуллин қаза тапты. Ол өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі болған. Қайғылы оқиға 3 қыркүйекте Жәнібек ауданындағы Тау ауылдық округі аумағында болған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

«Түтіннен байқамай қалған»: БҚО-да құтқарушы қаза тапты
Фото: Әлеуметтік желіден

Алдын ала мәлімет бойынша, өртті сөндіру кезінде Миршатты әріптесі басқарған қызметтік көлік қағып кеткен. Марқұмның әкесі Марс Халиоллаұлының айтуынша, жүргізуші қою түтін салдарынан құтқарушыны байқамай қалған.

«Өрт сөндіру кезінде әріптесі абайсызда қағып кеткен. Жүргізуші түтіннің кесірінен оны көрмегенін айтты», – деді марқұмның әкесі.

Миршат ауыр жарақат алған. Әкесінің айтуынша, құтқарушы медициналық мекемеге бара жатқан жолда көз жұмған. Отбасының негізгі асыраушысы болған

Туыстарының айтуынша, Миршат Халиуллин өрт сөндіру қызметіне 2016 жылы келген. Ол отбасындағы үш баланың үлкені әрі отбасының негізгі асыраушысы болған.

Марқұмнан әкесі, інісі мен қарындасы қалды. Туыстарының сөзінше, Миршатпен бірге жұмыс істеген көлік жүргізушісі де оның құрдасы болған. Олар бірге өсіп, бір жерде қызмет атқарған.

Қылмыстық іс қозғалды

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушының қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болғанын растады. Ведомство мәліметінше, марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілген.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→