weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда 24 мың тоннаға жуық балмұздақ өндірілді

2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен жеуге жарамды мұз өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,1 пайызға артық,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда 24 мың тоннаға жуық балмұздақ өндірілді

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында елімізде 20,3 мың тонна тәтті өнім өндірілді.

2025 жылдың төрт айында елімізге 3 мың тонна балмұздақ әкелініп, импорттық өнімнің үлесі 15,4 пайызды құрады. Балмұздақ импортталатын елдердің үштігіне Ресей (1,5 мың тонна), Қырғызстан (1 мың тонна) және Түркия (0,3 мың тонна) кірді. Сондай-ақ Өзбекстан, Швейцария, Беларусь және Италиядан балмұздақ әкелінді.

Осы кезеңде балмұздақ экспорты 41,6%-ға өсіп, 4,3 мың тоннаны құрады. Негізгі жеткізу бағыттары ТМД елдері мен Қытай.