Жалпы ауыл шаруашылығына қатысты республика бойынша санақ 2025 жылы өткізіледі.
Айта кетсек, былтыр елімізде 8,4 миллион бас ірі қара, 19 миллион бас қой, 3,8 миллион жылқы, 2,3 миллион ешкі, 700 мыңға жуық шошқа, 250 мың түйе және 49,5 миллион құс тіркелді.
Ал 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы базасында 33,3 миллион бас тіркелген болатын: ірі қара мал - 8,3 миллион, ұсақ мал - 20,6 миллион, жылқы - 3,4 миллион, түйе - 250 мың бас.