weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Netflix ғарыштан тікелей эфир жүргізеді

Осы жазда Netflix алғаш рет тікелей эфирде зымыран ұшыруды, ғарышкерлердің ашық ғарышқа шығуын және Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) түсірілген кадрларды көрсетпек. Бұл – NASA агенттігімен әріптестік аясында жүзеге аспақ.

Netflix  ғарыштан тікелей эфир жүргізеді
Фото: kursiv

Трансляциялар NASA+ бағдарламасының кеңейтілген бөлігіне енеді. Бұл — жарнамасыз және тегін қолжетімді ресми стриминг платформасы.

Көрермендер эфирді мына ресурстар арқылы көре алады:

  • Netflix платформасында;
  • NASA мобильді қосымшасы арқылы;
  • NASA ресми сайтында;
  • NASA-ның YouTube арнасында.

Тікелей эфирде нақты миссиялардан репортаждар, Жердің орбитадан көрінісі және жаңа форматтағы ғылыми контент ұсынылады.

Алғашқы көрсетілімдер алдағы апталарда басталады.