weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан ғарышқа әйелдер экипажын жіберуі мүмкін бе?


Қазақстан пилотты ғарыш саласын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қазір отандық ғалымдар болашақ ғарыш сапарына арналған ғылыми бағдарламаны әзірлеуде. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстан ғарышқа әйелдер экипажын жіберуі мүмкін бе?
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы ғарышкер Айдын Айымбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта болашақ экипаждың құрамы немесе ғарышқа нақты кімнің жіберілетіні туралы шешім қабылданған жоқ.

«Пилотты ғарыш саласы Қазақстанда да қарастырылып жатыр. Ғалымдарымыз болашақ ғарыш сапарының ғылыми бағдарламасын әзірлеуде. Алайда әйелдер экипажы немесе нақты әйел ғарышкерді ғарышқа жіберу туралы айтуға әлі ерте», – деді Айымбетов.

Ғарышкер қазақстандық қыздардың білім деңгейі жоғары екенін атап өтті. Оның пікірінше, болашақта әйелдерден құралған экипаждың мүмкіндігі де қарастырылуы ықтимал.

Сонымен қатар Айымбетов Жерде әйелдер экипажымен арнайы эксперимент қайта өткізілуі мүмкін екенін айтты. Зерттеу барысында жабық кеңістіктегі жұмыс ерекшеліктері, мидың когнитивті функциялары және психомедициналық көрсеткіштер зерттелмек.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→