- Әлеуметтік желілердің балалардың психикасына әсері қандай? Жақсы жақтары бар ма?
- Менің ойымша әлеуметтік желілер бүгінгі заман балаларының дамуына тікелей әсер ететін орта. Бұл қазір де қарапайым құрал емес. Бұл баланың өзіне, өмірге және басқа адамдарға деген көзқарасын қалыптастыратын кеңістік. Мұнык әсері екі жақты. Бір жағынан әлеуметтік желі баланың қызығушылығын оятатын, шығармашылығын дамытатын білімге жол ашатын ресурс. Балалар қазір өзін еркінірек білдіруді үйреніп келеді. Бұл бұрын-соңды болмаған мүмкіндік. Екінші жағынан мұның жағымсыз жағы да бар. Балалар желіде өзін басқалармен ерте жастан бастап, салыстыра бастайды. Олар лайк саны арқылы өз құнын бағалай бастайды. Бұл психикалық тұрақтылық толық қалыптаспаған жасқа үлкен қысым болуы мүмкін. Сонымен қатар, экранға тәуелділік ұйқының бұзылуы және кибербуллинг сияқты қауіптері де бар. Мұндағы ең маңыздысы ата-ананың қатарынан бақылау. Баланың желідегі тәжірибесі қалай жүріп жатыр?, Не көріп жатыр?, және Қаншалықты баланың ойы қалыптасып жатыр?, осыны бақылау деп ойлаймын. Шектеуден гөрі ата-ананың қатарынан ашық қызығушылық көрсетіп, ашық диалогпен баламен сөйлесіп, критикалық ой қалыптастыруға көмектесуге болады.
- Психологқа алғаш келген пациент не нәрсеге дайын болуы керек?
Негізі психологқа келу жәй ғана әңгімелесу емес. Ол өзіңе шынайы қарауға, өз ішіңе үңілуге батылдық жасау. Бұл жауапгершілік. Біріншіден адам шынайы болуға дайын болуы керек. Психолог сізді бағаламайды. Жақсы не жаман деп бөлмейді. Сіздің шынайы дауысыңызды естуге тырысады. Бұл процесс кейде ішкі қарсыластықтар мен ыңғайсыздықтармен қатар жүреді. Бұл қалыпты нәрсе. Екіншіден бұл біржақты жұмыс емес серіктестік. Сіз өзіңіз үшін жұмыс істейсіз, ал психолог сізді бағыттап отырады. Өзгеріс сіздің ішкі сезіміңізден басталады.
- Қазіргі таңда Қазақстанда ең жиі кездесетін психологиялық мәселе қандай?
Жалпы менің кәсіби тәжірбиемде бүгінгі күні ең жиі кездесетін мәселе мазасыздық, эмоцианалды күйзеліс. Көбінесе әлеуметтік желілерде адамдар сырттай бәріне үлгеріп жүргендей көрінеді. Бірақ іштей өздерін бақытсыз сезінеді. Негізі біздің мәдениетте әлі де “Жұрт не айтады?, “Шыдау керек”, деген көзқарас басым. Соның салдарынан көптеген адамдар өзін емес өзінен күтілетін рөлде өмір сүріп жатыр. Бұл негізі баяу ішкі күйреуге әкеледі. Меніңше, қазір өзін тауып, өз- өзін түсінуге ұмтылып жатқан адамдардың саны да көбейіп келе жатыр.
- Сұхбаттасқаныңызға көп рақмет!