Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 маусым, 2025 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Тағы да қымбатшылық: Қазақстанда 1 шілдеден бастап азық-түлік қымбаттайды

1 шілдеден бастап Қазақстанда бірқатар өнімдер мен қызметтерге, соның ішінде ұн, май, алкоголь және ұялы байланысқа жаңа ең төменгі бағалар күшіне енеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Тағы да қымбатшылық: Қазақстанда 1 шілдеден бастап азық-түлік қымбаттайды

Азық- түлік

• Ұн 44,6%-ға қымбаттайды — ең төменгі баға келісіне 96,65 теңгеден 139,81 теңгеге дейін өседі.

• Күнбағыс майы 61,2%-ға қымбаттайды, ашытқы бағасы да көтеріледі, бұл нан мен нан өнімдерінің құнына әсер етуі мүмкін.

• Алкогольдің бағасы өседі: арақ — 6,4%-ға (литріне 1136,16 теңгеге дейін), коньяк — 21,5%-ға (литріне 3282,97 теңгеге дейін).

• Жұмыртқа құны, керісінше, 4%-ға төмендейді: данасы 39,38-ден 37,80 теңгеге дейін.

Темекі мен газ

• Темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 870 теңгеден 920 теңгеге дейін көтеріліп, жыл соңына дейін осы деңгейде сақталады. 2026 жылдың қаңтарынан бастап тағы бір өсім — 970 теңгеге дейін жоспарлануда.

• Алматы мен бірқатар облыстардағы ірі кәсіпорындар мен тау-кен өндіруші компаниялар үшін тауарлық газдың 1000 текше метрі 76 686 теңгеге дейін қымбаттайды. Шығыс Қазақстан облысында 1000 текше метрі 13 069 теңгені құрайды. Бөлшек тұтынушылар үшін өсім күрт азырақ болады: мысалы, Алматыда құны 1000 текше метр үшін 39 979 теңгеге дейін өседі.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату