Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше:
Солтүстік пен шығыста кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ түсуі ықтимал;
Батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі;
Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы мүмкін;
Елдің басым бөлігінде, әсіресе оңтүстік және орталық өңірлерде, өрт қаупі жоғары күйінде қалып отыр.
Негізгі қалалардағы ауа райы:
🔹 Астана: күндіз +23…+25 °C, жаңбыр, найзағай; түнде +14…+16 °C, жауын-шашынсыз. Жел — 9–14 м/с.
🔹 Алматы: күндіз +30…+32 °C, түнде +18…+20 °C, жауын-шашынсыз. Жел — 3–8 м/с, екпіні 12 м/с дейін.
🔹 Шымкент: күндіз +34…+36 °C, түнде +18…+20 °C, жауын-шашынсыз. Жел — 8–13 м/с.