- Соңғы берген сұхбатыңызда Қазақстаннан кетуге бел байлағаныңызды айттыңыз. Неліктен мұндай шешімге келдіңіз?
- Жақын арада мен Қазақстаннан кетейін деп жатқан жоқпын. Осы футбол сезоны аяқталған соң дедім. Еуропалық клубтардан 2 ұсынысым бар. Бірі Ұлыбритания, екіншісі Португалия. Көрсетілген қысымға байланысты емес. Өз шешімім.
- Қазақстан футболының қазіргі кездегі әлеуеті мен ахуалы қандай?
- Қазіргі жағдай өте қиын. Инфрақұрылым мүлде жоқ. Ұлттық құрамамыз жеңіліп жатыр. Қазақстанда футбол өте нашар деңгейде. Оның үстіне қаржы бөлу азайып отыр және легионерлерді алуға болмайды деген заң шықты. Қазақстанда дені сау 4-5 клуб бар. Қалғандары нашар клубтар. Жалпы футбол саласының дамымай жатқаны, сол саланың мамандарының жоқтығынан. Мәселе мамандардың футболды ұйымдастырушылық қабілетінде. Демек, Қазақстанда футбол мамандары жоқ. Клубты қалай басқару керек?, Қалай қаржы тарту керек?, Жарнаманы қалай тарту керек?, оны білмейді мамандар. Білетіндер бар, бірақ аз.
- Сұхбаттасқаныңызға рақмет!