Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ерлер арасындағы супертурнирге қатысатын тарихтағы үшінші әйел: қазақ қызы Бибісара Асаубаеваға ерекше құрмет

Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева ерлер арасындағы жабық супертурнирге – Freestyle Chess Grand Slam Tour додасына шақырту алды. Турнир 16–20 шілде аралығында Лас-Вегаста өтеді.

Ерлер арасындағы супертурнирге қатысатын тарихтағы үшінші әйел: қазақ қызы Бибісара Асаубаеваға ерекше құрмет

Ұйымдастырушылар жариялаған афишада Бибісараның портреті жарқырап тұр. Бұл – әлемдегі санаулы әйелдер ғана шақырылатын, аса мәртебелі шахмат жарысы. Турнирде аты аңызға айналған гроссмейстерлер бақ сынамақ: Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Хикару Накамура сынды үздіктер қатысады.

“21 жастағы бойжеткенге Карлсен, Каруана, Накамура қатысатын ерлер арасындағы жабық супертурнирге шақырту келді дейсіз бе? Бұл – ертегі сияқты. Бірақ бұл – менің шындығым. Әлі де сенер-сенбесімді білмей отырмын. Бұған дейін мұндай турнирде ойнаған әйелдер – Юдит Полгар мен Хоу Ифань ғана болатын. Енді сол тізімде мен де бармын!.. Алда оңай сынақ күтіп тұрмағаны анық, бірақ бұл – үлкен мүмкіндік,” — деді Бибісара ағынан жарылып.

Осылайша, Бибісара Асаубаева осындай деңгейдегі ерлер турнирінде бақ сынайтын тарихтағы үшінші әйелшахматшы атанып отыр. Ол Юдит Полгар мен Хоу Ифань сияқты аңыз тұлғалардың жолын жалғастырмақ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату