weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда қазақстандық жас теннисшілер жүлдені қоржынға салды

Алматыда 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында «Roland-Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс 17-22 тамыз аралығында «Gorky Tennis Park» кешенінің топырақ төсенішті корттарында өтті. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Алматыда қазақстандық жас теннисшілер жүлдені қоржынға салды

Турнирге Орталық және Батыс Азия елдерінен келген үздік жас теннисшілер қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар бірнеше жүлделі орынға ие болды.

Ұлдар арасында Иран өкілі Киараш Садегизейди жеңімпаз атанды. Қазақстандық Родион Трайгель күміс жүлдеге ие болса, Бексұлтан Бауыржанов үшінші орын алды. Тағы бір отандасымыз Амир Аскар төртінші орынға тұрақтады. Осылайша, Қазақстанның үш өкілі үздік төрттіктен көрінді.

Қыздар арасында Өзбекстан өкілі Александра Бармичева топ жарды. Қазақстандық Алуа Марат екінші орынға ие болса, Айым Қанағатова қола жүлдені еншіледі. Тамина Сакен жарысты төртінші орынмен аяқтады.

Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін «Roland-Garros Junior Series by Renault» турнирінің финалдық кезеңінде Батыс және Орталық Азия атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Алматыдағы дода жасөспірімдер теннисін дамытуға бағытталған маңызды халықаралық жарыстардың біріне айналды. Биылғы турнирге 16 жасқа дейінгі 16 ұл мен 16 қыз қатысты.

Жарыс Қазақстан теннис федерациясы, Азия теннис федерациясы (ATF) және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→