weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 16:12 / Перизат Ілес / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жалақымды 3 есе қысқартты: Асабауеава Тоқаевтан көмек сұрады

Қазақстанның ең атақты шахматшыларының бірі Бибісара Асаубаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, халықаралық жарыстарға қатысуға байланысты қаржыландыру мен қолдау мәселесіне араласуды сұрады,— деп хабарлайды newsroom.kz

Жалақымды 3 есе қысқартты: Асабауеава Тоқаевтан көмек сұрады

Шахматшының айтуынша, ол жақында Норвегияда өткен беделді Norway Chess Women 2026 турнирінде жеңіске жеткен. Алайда жарысқа дайындық жұмыстары мемлекет тарапынан емес, өзінің жүлде қорынан және ата-анасының қаражаты есебінен жүргізілген.

«Осы маңызды турнир алдындағы оқу-жаттығу жиындары менің жеке жүлде ақшам және ата-анамның қаржысы арқылы өтті. Осы жарысқа көмектескен секунданттар мен аналитиктердің еңбекақысын әлі күнге дейін төлеген жоқпыз», – деді Бибісара Асаубаева.

Шахматшы бірнеше жылдан бері спорт саласындағы шенеуніктермен жұмыс барысында түрлі қиындықтарға тап болып жүргенін де мәлімдеді.

Оның сөзінше, шахматтан әлем чемпионатын жеңіп алған спортшыға берілетін сыйақы шамамен 2 мың АҚШ долларын құрайды. Ал Олимпиада ойындарының жүлдегерлері 250 мың долларға дейін сыйақы алады.

Сонымен қатар Асаубаева Спорт министрлігінің жаңа басшылығы келгеннен кейін ай сайынғы жалақысының үш есеге қысқарғанын айтты.


«Қазақстанда менен басқа әйелдер арасында да, ерлер арасында да әлем чемпиондары жоқ. Әлем чемпионатындағы екінші алтын медалімнен кейін, 2023 жылдан бастап Спорт министрлігі желісі бойынша ай сайын 1 миллион теңге көлемінде жалақы алып келдім. Алайда министр Ербол Мырзабосынов қызметке келгеннен кейін, 2025 жылдан бастап жалақымды үш есеге қысқартты. Ал Қазақстан шахмат федерациясынан ешқашан жалақы алған емеспін», – деді спортшы.

Бибісара Асаубаеваның мәлімдемесі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік әлем чемпионы атанған спортшының халықаралық жарыстарға өз қаражатына дайындалуы мен қаржылық қолдау мәселесін көтеріп, жауапты органдардан түсініктеме күтуде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→