Саранго Раднаарагча осыған дейін БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясында қоршаған орта мәселелері бойынша өңірлік кеңесші қызметін атқарған. Бұған дейін ол Моңғолияның Табиғат және қоршаған ортаны қорғау министрлігінде аға маман болған. Сонымен қатар БҰҰ Даму бағдарламасы (ПРООН), Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы (UNEP), Табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (IUCN), Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) сияқты бірқатар халықаралық ұйымдарда түрлі лауазымдарда еңбек еткен.
Ол Австралиядағы Флиндерс университетінде экологиялық менеджмент мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Саранго Раднаарагчаның Еуропа мен Орталық Азиядағы тұрақты даму саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұл тәжірибеге трансшекаралық бастамаларға жетекшілік ету, табиғатты қорғау жобаларын іске асыру және саясат деңгейінде өзара іс-қимыл орнату кіреді.
БҰҰ мәліметінше, оның құзыретіне саясатты талдау және әзірлеу, трансшекаралық ынтымақтастық, әріптестік орнату, табиғи ресурстарды кең ауқымды қатысу негізінде басқару, әлеуетті арттыру және бағдарламаларды үйлестіру сынды салалар кіреді.