Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Израиль мен Иран соғысы: Әуе рейстері қысқарды, қауіп күшейіп тұр

Таяу Шығыста әскери-саяси жағдай ушығуына байланысты бірқатар елдер азаматтық авиацияға әуе кеңістігін жабу немесе шектеу енгізді.

Израиль мен Иран соғысы: Әуе рейстері қысқарды, қауіп күшейіп тұр
Фото: ашық дереккөз

Бұл шектеулер қауіптің күшеюімен байланысты:
– қару қолдану қаупі,
– навигациялық жүйелердің бұзылуы,
– әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) жүйелерінің белсенділігі,
– азаматтық рейстер үшін тікелей қауіптің туындауы.

Қай елдерде шектеу бар:

Израиль – әуе кеңістігі толық жабылған;

Иран – толық жабық, соның ішінде Парсы және Оман шығанақтары үстімен ұшу да шектелді;

Ирак, Иордания, Ливан – уақытша шектеулер енгізілген, зымыран және дрон шабуылдары қаупі бар;

Кувейт, Бахрейн, БАӘ – кейбір әуе бағыттары жабылып, қақтығыс аймағына жақын рейстер уақытша тоқтатылған.

Халықаралық авиакомпаниялардың әрекеті:

Air France–KLM, United, American Airlines, Japan Airlines, Air Canada – Дубай, Доха және Эр-Рияд бағыттарындағы рейстерін тоқтатты;

Qatar Airways – ұшу кестесін қайта қарап жатыр;

Etihad – қауіп туралы ресми ескерту жариялады;

Emirates – рейстерді жалғастырып жатыр, бірақ қақтығыс аймағын айналып ұшуда.

Қазақстандық әуе тасымалдаушылар не істеді?
Қауіп деңгейін бағалап, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық авиакомпаниялар Дубай мен Доха бағытындағы бірнеше рейсті тоқтатты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату