Дәл осындай жаңалық Қазнетте 2023 жылы шыққаны белгілі. Ол кезде бұл ақпаратты бірқатар қазақстандық БАҚ теріске шығарған болатын.
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов түсініктеме берді.
Stopfake.kz сайтына берген сұхбатында ол видеоны Каспий теңізінде түсіру мүмкін еместігін баса айтты. Өйткені, қолтырауын тұщы суда өмір сүреді:
"Ол Африка сияқты тропиктік және субтропиктік аймақтарда да тіршілік етеді. Ауа райы жылы. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият талдап, ақпараттың жалған екеніне көз жеткіздік".