Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Емшектегі силикон әйелдің өмірін сақтап қалған. 22 пышақ жарақатын алған

Қытайда бөгде ер адам пышақтап кеткен 30 жастағы Ма есімді әйел омырауына салдырған силикон импланттарының арқасында аман қалды

Емшектегі силикон әйелдің өмірін сақтап қалған. 22 пышақ жарақатын алған
www.mk.co.kr

Қылмыс 22 мамырда Чжэцзян провинциясы, Ханчжоу қаласындағы MixC сауда орталығының автотұрағында болған.

Жәбірленуші Ма сол сәтті еске алып:

«Мен көлікке отырған едім, қаскүнем алдыңғы орындыққа секіріп мінді де, пышақпен қорқытты. Көмек сұрадым, бірақ ешкім үн қатпады», — дейді.

Пышақтаушы алдымен автотұрақ ақысын төлетіп, Ма-ны сауда орталығынан шығарып, көршілес Тунсян ауданынан бір-ақ шығарған. Банк шотындағы ақшасын тексеріп, жеткіліксіз екенін көрген соң, әйелді достарынан қарыз сұрауға мәжбүрлемек болған.

Ер адамның назары бөлінген сәтті пайдаланып, Ма жігітіне хабарлама жіберіп үлгерген. Жігіті телефондағы GPS арқылы орнын анықтап, полицияға хабарлаған. Полиция жеткенде қаскүнем Ма-ны кеудесінен 22 рет пышақтап, артынша өзіне қол салған. Ер адам дәрігерлердің жедел көмегіне қарамастан көз жұмды, ал Ма таңғаларлық жағдайда тірі қалды.

Дәрігерлердің айтуынша, омырауындағы импланттар өлімге әкеп соғар жараларды бөгеп қалған, өкпеге тек бір пышақ ізі тиген.

«20-дан астам пышақ ізі бар. Бұрын жасатқан емшекті үлкейту отасының арқасында жаралар аса қауіпті болмай қалды», — дейді Ма.

Денсаулығы түзелген соң ауруханадан шыққан ол, қылмыскер сол жерде өзін өлтіргендіктен, іс жабылып қалғанына өкініш білдірді.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату