Полицияның мәліметінше, көзге ерекше көрінетін кадр алу үшін блогер көліктің алдыңғы әйнегін әдейі сындырған. Бұдан бөлек, жолаушы қызбен жанжалдасып, дауыс көтерген. Бұл әрекеті айналадағылардың үрейін туғызған.
Оқиға орнында түсірілген бейнежазба желіде тарап кеткен. Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушының кім екенін анықтап, оны ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартты.
— Супермаркет жарнамасын тым "қатты әсерлі" етіп түсіргісі келген жігіт он тәулікке қамауға алынды, — деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаменті.