"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Бүгінгі таңда сіздер Egov Mobile қосымшасы арқылы үлестік құрылыс нысандарын тексере аласыздар.
Ақпарат алу үшін үш қарапайым қадамды орындау жеткілікті:
EGOV mobile қосымшасын ашыңыз.
"Басқа қызметтер" бөліміне өтіңіз.
Әрі қарай "Тұрғын үй порталы" және БСН, құрылыс салушының немесе тұрғын үй кешенінің атауын енгізіңіз.
"Тұрғын үй порталы" ақпараттық жүйесінде Қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігі немесе үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктің рұқсаты бар барлық заңды түрде салынып жатқан үлестік қатысу объектілері туралы толық ақпарат қолжетімді", - делінген әкімдіктің Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.