«AI171 рейсі Ахмадабад – Лондон Гатвик бағыты бойынша бүгін, 12 маусым күні, апатқа ұшырады. Қазіргі уақытта біз оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз. Жақын уақытта қосымша ақпарат береміз», – делінген мәлімдемеде.
India Today басылымының жазуынша, трагедия ұшақтың әуеге көтерілер сәтінде орын алған. Апатқа Boeing 787-8 Dreamliner маркалы ұшақ ұшыраған.
Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері, оның ішінде жеті өрт сөндіру көлігі дереу жеткен.
News 18 дерегіне сәйкес, ұшақта 232 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Ресми ақпараттар мен зардап шеккендер туралы нақты мәліметтер әлі жарияланған жоқ.