Кездесу 5 маусым күні Абу-Дабидегі «Аль-Нахайян» стадионында өтті. Осы тең нәтижеден кейін Өзбекстан құрамасының ұпайы 18-ге жетіп, олар A тобының екінші орнын мерзімінен бұрын иеленіп, 2026 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.
1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан кейін Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін сегіз мәрте әрекет жасаған. Алайда Азиа футбол конфедерациясына мүше болғанына 30 жыл толған тұста ғана алғашқы жолдамасына қол жеткізіп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді жеңген болатын. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын Қазақстан 9 маусымда Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.