Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша резонанстық қылмыстық процеске нүкте қойылды. Судья Ержан Жанұзақов басқаратын сотта айыптау үкімі жарияланып, кінәлілерге жаза тағайындалды.
Сотталғандар мен жаза мерзімдері:
- Абзал Шынасыл — ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу) бойынша 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Равиль Сакиев — 20 жыл (293-бап 3-бөлік, 99-бап 2-бөлік)
- Азамат Токтаубаев — 15 жыл (293-бап 3-бөлік, 188-бап – ұрлық)
- Нұрқияс Ильясов — 9 жыл (293-бап 3-бөлік)
- Шыңғыс Белғожаев — 7 жыл (293-бап 3-бөлік)
- Дархан Аскентай — 7 жыл (293-бап 3-бөлік)
- Нұрбол Токтаубаев — 7 жыл (293-бап 3-бөлік)
- Дидар Қалиахмет — 7 жыл (293-бап 3-бөлік)
- Кәмелетке толмаған Д. Ысқақ — қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Моральдық зиян үшін өтемақы:
Сот моральдық зиян келтіргені үшін жәбірленуші тарапқа өтемақы төлеу туралы шешім де шығарды. Жалпы сомасы 120 миллион теңгені құрайтын өтемақы келесідей бөлінді:
- Абзал Шынасыл — Шерзат Полаттың ата-анасына 20 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.
- Равиль Сакиев — 15 миллион теңге.
- Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентай, Нұрбол Токтаубаев, Дидар Қалиахмет, Равиль Сакиев және Азамат Токтаубаев — әрқайсысы 10 миллион теңгеден өтемақы төлеуі тиіс.
Куәлардың ықтимал қылмысқа қатысы:
Сот қаулысының бір бөлігінде іс бойынша куә ретінде танылған бірқатар тұлғалардың қылмысқа ықтимал қатысы бар екені атап өтілді. Олардың қатарында:
- Д. Жақсыгелді
- Э. Нұрбекова
- А. Қазакенов
- Ю. Рузбакеев