Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қырғызстанның экс-президенті  Атамбаев 11 жылға сотталып, мүлкінен айырылды

Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Шешімді ел астанасының Первомай аудандық соты шығарған. Сот Атамбаевты 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік наградаларынан және мүлкінен айырды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қырғызстанның экс-президенті  Атамбаев 11 жылға сотталып, мүлкінен айырылды
Фото: Азаттық азия (2022 ж.)

Сондай-ақ, экс-президент мемлекет пайдасына 5 миллиард 439 миллион сом (шамамен 31,8 миллиард теңге) өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, бұл үкім 2019 жылы Кой-Таш ауылында болған қақтығыстарға (Кой-Таш оқиғасы) байланысты қозғалған іске қатысты шықты. Тергеу 2022 жылдан бері жүріп келеді. 2023 жылдың ақпанында сот Атамбаевқа шетелде емделуге рұқсат берген болатын — ол Испанияға кетіп, әлі күнге дейін елге оралмаған.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұл үкімге байланысты пікір білдіріп, сот процесіне араласпағанын атап өтті. Дегенмен, егер Атамбаев кешірім сұраса, оны кешіруі мүмкін екенін жеткізді.

«Ол өтініш білдірсе, кешіруі мүмкін. Жеке ойым — сот шешімі сәл жұмсақтау болуы да мүмкін еді: мысалы, шартты жаза не айыппұлмен шектеуге болар еді», — деді Жапаров.

Президенттің айтуынша, Кой-Таш оқиғасынан бері алты жыл өтті, жағдай біраз сабасына түскен.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату