Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

100 пәтер сыйлық: Қазақтың байлары неге Тұрсындай емес?

Кәсіпкер, танымал продюсер Баян Мақсатқызының жары Тұрсын Алагөзов өзінің «Galanz Bottlers» атты компаниясының қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлады,- деп хабарлайды newsroom.kz

100 пәтер сыйлық: Қазақтың байлары неге Тұрсындай емес?

Тұрсын Алагөзовке бұл идея 2024 жылы келген екен. Ол 20 жыл бойы кәсіпкермен бірге еңбек еткен жұмысшыларды баспаналы етуді қалаған. 

«Бұл адамдар менімен 20 жыл бойы еңбек етті. Комиссия құрып, нағыз мұқтаж жандарды таңдадық. Олардың көпшілігінде бірде-бір пәтер жоқ»,-деді кәсіпкер.

Сондай-ақ, Алагөзов пәтер кілті табысталған жандардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар екенін атап өтті. Мысалы, еден жуатын кісілер, жүргізушілер, жүк тасымалына жауапты адамдар.

«Тұрсын, мен бүкіл Қазақстанға сенімен мақтанатынымды айтқым келеді. Сені мақтан тұтамын! Жарайсың! Бүгін қызметкерлерді шақырды. Бірақ, олар не үшін келгендерін білмейді. Оларға тосынсый болды. Барлығы мақтау грамоталарын табыстайды деп ойлады. Неге күйеуіммен мақтанамын? Себебі, ол әрқашан өз қызметкерлерін ойлап жүреді. Президентіміз айтқандай әлеуметтік жағдайларын ойлайтын бизнесмен. Бұлай жасау екінің бірінің қолынан келмейді»,- деп жазды Баян Алагөзова.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату