weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ЖОО дайындайтын ұйымды мұқият таңдаңыз: министрлік мәлімдеме жасады

Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақстандықтарға университетке түсуге дайындайтын орталықтарды мұқият таңдауға кеңес берді, – деп хабарлайды newsroom.kz.

ЖОО дайындайтын ұйымды мұқият таңдаңыз: министрлік мәлімдеме жасады
Фото: depositphotos.com

Министрлік бұл ұйымдардың білім беру мекемелері емес екенін ескертеді.

Министрліктің мәліметінше, шетелдік және отандық жоғары оқу орындарына түсуге көмектесеміз дейтін компаниялар көбейіп жатыр. Алайда әлеуметтік желілерде ондай орталықтардың қызмет сапасына байланысты шағымдар да жиілеген.

«Еске саламыз: мұндай ұйымдар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны болып саналмайды. Сол себепті олардың міндетті түрде лицензия алуы талап етілмейді. Азаматтарды келісімшартқа қол қою кезінде абай болуға, қажет жағдайда құзырлы органдардан кеңес алуға шақырамыз», – делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Астана тұрғындары шетелдік университеттерге түсуге дайындайтын орталықтың үстінен полицияға ұжымдық арыз түсірген. Олардың айтуынша, ұйым алаяқтықпен айналысқан.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→