Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сұмдық! Каспий жағалауында 117 итбалық өлі табылды

Инспекторлар Қазақстанның Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының маңында Каспий теңізінің жағалауынан 117 итбалық өлексесін тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Сұмдық! Каспий жағалауында 117 итбалық өлі табылды

Ұшалардың ыдырауына қарағанда, табылған итбалықтар өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында өлген.

Түпқараған ауданы Баутин ауылы әкімдігінің, Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімі мен балық шаруашылығы бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері санитарлық талаптарды сақтай отырып, теңіз жағалауынан 5 шақырым жерде жатқан итбалықтардың өлекселерін жинап, полигонда жойды. 2024 жылдың қарашасынан бері табылған өлі итбалықтардың жалпы саны 2194-ке жетті, деп атап өтті Балық шаруашылығы комитеті.

Сонымен қатар, ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram желісінде Форт-Шевченко қаласында Каспий жағалауында ересек итбалықтардың 50-ден астам өлексесін тапқанын хабарлады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату