Апат салдарынан 210 ағаш кесіліп, 178 тұрғын үй, оның ішінде тоғыз көпқабатты үй, сондай-ақ 27 әлеуметтік нысан зақымданған.
Сондай-ақ, 194 шаруашылық ғимараты, бес автокөлік, трансформатор, ондаған электр желісінің тіректері, дәмхана, үш демалыс орны зақымданған.
Таласта қатты жел тұрғын үйлердің шатырын жұлып кеткені атап өтілді. Жақын маңдағы үйлерге тартылған электр сымдары да зақымдалған.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.