Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мультфильмде жасырын мән бар: күмәнді контенттен сақ болыңыз!

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға ескерту жасады: интернетте мультфильм түрінде таралатын «деструктивті контент» көбейген, деп хабарлайды newsroom.kz.

Мультфильмде жасырын мән бар: күмәнді контенттен сақ болыңыз!

Комитет нақты мысал келтірмегенімен, ата-аналарға қандай мультфильмнің балаға пайдалы, қайсысы зиян екенін өздері саралап шешуге тура келеді.

«Зиянсыз көрінетін бейнероликтер арқылы балаларға бұрмаланған бейнелер, алаңдаушылық тудыратын әрі агрессияға итермелейтін мазмұн ұсынылады. Бұл базалық адамгершілік құндылықтарды шайқалтуы мүмкін.

Сол себепті балаңызбен жиі сөйлесіп, оның сыни ойлау қабілетін және зиянды ақпаратқа қарсы тұра алуын дамыту маңызды», — делінген комитеттің хабарламасында.

Қазір ведомство цифрлық кеңістікті тиімді реттеу үшін заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындап жатыр.

Айта кетейік, бұл — қазақстандық билік мультфильм мазмұнына қатысты алаңдап отырған алғашқы жағдай емес.

Өткен жылдың соңында елде жасөспірімдер арасындағы суицид көбейіп кеткен тұста, прокуратура корей комикстерінен суицидті насихаттау белгілерін іздеген болатын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату