Жақында елімізге танымал актриса Дариға Бадықова "Таптым-ау сені 2» киносын жарыққа шығарды. Бір қызығы отандық фильмның шығуы шетелдік Disney компаниясының "Моана 2" анимациялық мультфильмінің тұсаукесерімен тұспа-тұс келіп қалды. Осы орайда Бадықова мультфильмге баратын көрерменге өз ренішін білдірген болатын,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
Қазақты қазаққа қарсы қойғанға қанып көтеріліп кетті. Эфирде әйтеуір салмақты болып отырмын. Ондай нәрселерді айтқан кезде қаным көтеріліп кетеді. Намысыма тиіп кетеді. Мен мысалы бастысы «ол балалар көрмейтін нәрсе» деген жоқпын ғой. Екі жарнама кетті. Күшті болды. «Моанаға» да жарнама жасадым. Өз кинома да жарнама жасадым. Болмайтын нәрселерді айтып, бір-бірімізді таптап, жерден алып, жерге салып, сұмдық енді. Көпшілік емес. Өйтіп жатқан көп адам емес. Арасында бар, – дейді ол.
Айта кетейік, “Моана 2” және актрисаның өзі түскен қазақстандық “Таптым-ау сені 2” кинотеатрларда қатар шығып жатыр.